Бейбіт Кушкалиев - Қайтесің өзгені

Келмеші қарсы тағдырға
Сүйгенді босқа жандырма
Іздеген көптен бақытты
Көңілін жаным қалдырма
Өзгенің көздеп байлығын
Санаумен өтер күн жайын
Таңдасаң мені сұлуым
Қайғысыз өтер жай күнің
 
Қайтесің жаным өзгені сен
Қайтесің жаным өзгені сен
 
Көздерің мені өртеген
Қарасаң ғана өртенем
Бойына ойын жарасқан
не деген жаным көркем едің
Іздеген кімдер жандарын
Дәл өзіндей жан қаладым
Көздемей менде ешкімді
Өзіңе ғана қарадым
 
Қайтесің жаным өзгені сен
Қайтесің жаным өзгені сен
 
Түсірмей жүрем қолымнан
Ұшпасаң егер торымнан
Бақытты менен табасың
Күн шашып жүрем жолына
Мен болам жаным керегін
Әнімді саған шырқап келемін
Қайтесің жаным өзгені
Қаласаң билеп беремін
 
Қайтесің жаным өзгені сен
Қайтесің жаным өзгені сен

Қане Бейбіт
Билеші
Бәрекелді
Тоқтама

Болғын бұралған сұлу қыз қыз
Таратқан жаныңа жылу
Біз біз билесең 
сүйсініп саған тұрмыз
Биле биле биле

Қайтесің жаным өзгені сен
Қайтесің жаным өзгені сен
28-11-2021, 10:01 201 0 kap4ikman
28-11-2021, 10:01 201 0 kap4ikman
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Вместо текста вставьте плагин комментариев
Вместо текста вставьте плагин комментариев